Петропавлда әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Петропавлда жылыту маусымы басталды. Бүгіндері қаладағы 118 нысан жылу жүйесіне қосылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда жылу жүйесіне 4412 нысан қосылуы тиіс. Бүгіндері мамандар кей мекемелерге біртіндеп жылуды бере бастаған. Олардың қатарында аурухана, балабақша және мектептер бар.

«Бүгіндері қаладағы 118 нысан жылу жүйесіне қосылды. Оның қатарында тоғыз балабақша, екі мектеп және бір аурухана бар. Қалған нысандарға да біртіндеп жылу берілетін болады», — деп хабарлады «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.

Жалпы, қалада жылу беру кезең-кезеңмен жүргізіледі. Ең алдымен жүйеге, әдеттегідей әлеуметтік нысандар толық қосылады, ал содан кейін барып қана кезек көпқабатты баспаналарға жетеді. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да жасөспірім пеш жағамын деп күйіп қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x