Петропавлда ұлы ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың көрмесі ашылды. Шара тарихи тұлғаның 180 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Көрме теріскей төріне Алатаудың баурайынан жетті. Алыстан ат терлетіп келген ақынның немересі әрі Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейінің директоры Салтанат Жамбыловаға алғыс хат табыс етілді.

Петропавлда әйгілі ақын Жамбыл Жабаевтың көрмесі ашылды
Петропавлда әйгілі ақын Жамбыл Жабаевтың көрмесі ашылды

«Биыл мұражайымызға 80 жыл толыр отыр. Осы айтулы датаға орай республикамыздың қалаларын аралап жүрміз. Жылжымалы көрмеде 60-тан астам жәдігер бар. Қызылжарға алғаш рет келіп отырмыз. Ертеңдері Семейге жол тартамыз», — деді Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейінің директоры Салтанат Жамбылова.

Көрмеде ақынның шығармашылығы мен өмірінен сыр шертетін жәдігерлер жетерлік. Мәскеуге жасаған сапар кезінде киген шапаны, ақынның домбыралары, жеке құжаттары мен хаттары және құлаққабы. Шараға теріскейлік зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар Жамбыл Жабаевтың ұлылығы жайлы айтып берді.

Петропавлда әйгілі ақын Жамбыл Жабаевтың көрмесі ашылды
Петропавлда әйгілі ақын Жамбыл Жабаевтың көрмесі ашылды

«Жамбыл Жабаев — бір ғасыр бір туатын тұлға. Әсіресе, оның «Ленинградтық өренім»атты өлеңі — өте рухты. Кезінде осы туынды қазақ халқынык ерекше күш сыйлаған»,- деді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин.

Шара барысында «Абылай хан резиденциясы» музей кешені мен Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейі арасында меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта қос тарап бірлесіп, ауқымды жобаларды жүзеге асырады.

Тағы оқыңыз: Аққайың ауданында облыс диқандарына арналған семинар өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *