Петропавлда қылмыс жасау көрсеткіші 23% төмендеді

2023 жылдың қорытындысы бойынша Петропавлда тіркелген қылмыстардың жалпы көрсеткіші 22,8% төмендеген. ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық саны — 30,2%, оның ішінде пәтер ұрлығы-29,5% азайды. Тонау 16,2% кеміген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің сөзінше, тәртіп сақшылары жүргізген профилактикалық жұмыстардың арқасында көшедегі қылмыс саны да 13,9% төмендеген.

«Петропавлда интернет алаяқтықтың алдын-алу бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жеті мың ақпараттық парақшалар жапсырылып, 18 мыңнан астам брошюралар таратылған. Сондай-ақ WhatsApp мессенджеріндегі үй чаттарына жадынамалар жіберілді. Жүздеген зейнеткер мен сонша ұйымда болып, қызметкерлер дәрістер өткізді. Олар тұрғындарға  алаяқтардың айла-тәсілдерін түсіндірді. Нәтижесінде, өткен жылы 825 қала тұрғынының алдануына жол берілмеді», — дейді Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Қазір облыс орталығындағы тыныштықты сақтау мақсатында 336 жаңа бейнекамера орнатылып жатыр.

Тағы оқыңыз:Петропавлда балаларды тамақтандыруға арналған сүт қоспасы енді берілмейтін болды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x