Петропавл қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманы енді Асылхан Молдабеков басқаратын болады. Ал осыған дейін ведомствоға жетекшілік еткен Сергей Кишман басқа қызметке ауысты. Ол Теміртау қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы болып тағайындалды, деп жазады Qazaqstan Media.
Асылхан Молдабеков 1986 жылы туған. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тумасы.
Асылхан Мұхамбетқалиұлы Молдабеков жаңа қызметке мамыр айының 22-сі тағайындалған. Ал осыған дейін ол Астана қаласы Сарыарқа аудандық қорғаныс істері басқармасына жетекшілік еткен.
2003-2007 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Б. Бейсенов атындағы заңгерлік институтында оқыған. Кейін 2013 жылға дейін Ішкі істер департаментінде офицерлік құрамда еңбек етті. 2013 жылдан бастап ҚР Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштері қызметінде түрлі лауазымдарда жұмысын жалғастырған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да аудандық білім бөлімінің есепшісі жарты жыл ішінде 4 млн теңге жымқырған