Петропавлдағы «Кировец-2» саяжай қауымдастығында өрт болды. Мұнда құрғақ шөп пен қоқыс жанып, қызыл жалын маңындағы үйлерге таралып кете жаздады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлдағы «Кировец-2» саяжай қауымдастығында бәз біреулер қоқыс пен құрғақ шөпті өртеген. Қызыл жалын бір гектар аумаққа таралып, қараусыз қалған үй де отқа оранды.
«Өрт жайлы ТЖД мамандарына уақытылы хабар берелді. Соның арқасында қызметкерлер оқиға орнына жедел жетіп, қызыл жалынның өзге үйлерге таралуына жол берілмеді», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Пойыз бір сағатқа кешіксе, билет құны толық қайтарылады: Елімізде пойыз билеттерін сату ережелері өзгерді