Петропавлда құрылысы аяқталған 10 көпқабатты баспана бірнеше жылдан бері тапсырылмай келеді

Петропавлда бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің кейбірі өкінішке қарай, айлап емес жылдап тапсырылмай келеді. Бүгіндері облыс орталығында сондай 10 баспана бар. Оған басты себеп — нысандардың инженерлік желілерге қосылмауы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылған 10 көпқабатты үйдің құрылысы 2 жылға жуық уақыт бұрын аяқталса да, әлі қаңырап бос тұр. Мамандардың сөзінше, бұл жағдай жауапты мердігер компаниялардың өз жұмысына салғырт қарауынан туындаған. Яғни, баспаналар инженерлік желілерге қосылмаған. Ондайлар жауапкершілікке тартылуы тиіс дейді облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Сергей Тимофеев.

«Петропавлда жылына шамамен 30-40 көпқабатты тұрғын үй салынады. Әрине, біздің басты мақсатымыз халықтың баспана мәселесін шешу. Үйлердің құрылысы аяқталғанымен оны уақытылы тапсыру мүмкін болмай отыр. Менің ойымша, тапсырыс берушілер өзіне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындамаған мердігер компанияларды жауапкершілікке тартуы тиіс. Ондайлардың дені өзге өңірлерден келгендер. Олар тендерді ұтып алып, ісі тындыруға асықпайды. Біздің облыста да бұл жұмысты сапалы орындай алатын кәсіпкерлер баршылық. Соларға тапсыруға болар еді», — дейді «СҚО құрылысшылар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Тимофеев.

Еске сала кетейік, бүгіндері Петропавлда пәтер кезегінде 16 мыңға жуық адам тұр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaqstan Media (@qaz_media.kz)

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы 2-ші ЖЭО жаңа көпқабатты үйлерді жылумен қамти ала ма?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x