Петропавлда құрылыс материалдарын шығаратын ірі зауыт салынбақ

Петропавлда жақын арада тағы бір ірі инвестициялық жоба пайда болуы мүмкін. Облыс әкімі австриялық «Kronospan» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Жоба құны – 50 миллион АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Австриялық «Kronospan» компаниясы сапалы ағаш өнімдерін шығарумен айналысатын бүкіл әлемге белгілі кәсіпорындардың бірі. Сондықтан инвестормен кездескен облыс әкімі өңірде ағаш өңдеу өнеркәсібі белсенді дамып келе жатқанын айтты.

«Біздің облыста жарты миллион гектардан астам жерді орман алқаптары алып жатыр. Біз жоғары технологиялық жобаларды енгізе отырып, ағаш өңдеу саласын, ағаштан жасалған бұйымдар өндірісін дамытамыз. Ламинатталған фанера өндірісі іске қосылды, жоғары сапалы өнім Қазақстан нарығында сұранысқа ие. Онымен қоса, Германия, Польша, Латвия, Эстония, Литва және Азия елдеріне экспортталады», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Петропавлда құрылыс материалдарын шығаратын ірі зауыт салынбақ

Сондай-ақ облыс басшысы аймақта құрылыс саласында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, сондықтан құрылыс материалдары сұранысқа ие екенін атап өтті. Аталмыш «Kronospan» компаниясының Қазақстанда ынтымақтастық тәжірибесі бар. Енді олар келесі жылы құрылысты бастау үшін дайын инфрақұрылымы бар учаскені іздеуде.

«Біз мұндай жобаларды қалай жасау керектігін білеміз. Және осы жерде жақсы серіктестерді табуымыз қажет. Жоба 50 миллион АҚШ долларынан асады», — деді «Kronospan Holding East» акционерінің өкілі Томаш Янчак.

Компания өкілдері қалада олар үшін маңызды бірқатар мәселелер, яғни логистика, шикізат, инфрақұрылым және тағы да басқалары бойынша жағдай қалай өрбіп жатқанын сұрады. Облыс әкімі компанияға өндірісті іске қосу үшін барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті, сондай-ақ өнімнің ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие болатынына сенім білдірді.

«Біздің қалада электр энергиясы бойынша проблема жоқ. Бүгінде ЖЭО-2, Севказэнерго турбиналармен электр энергиясын өндіреді, оның қуаты 500 мегаваттқа дейін жетеді. Біз тек 60%-ын қолданамыз, ал 40% — ы әлі жүзеге асырылмайды. Жылуға келетін болсақ, қазандық қондырғылары 714-ке дейін жетеді, бірақ біздің қаланың өсуін ескере отырып, біз сағатына 500 гигакалорияны ғана тұтынамыз. Бізде тағы 200-ге жуық резерв бар», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x