Петропавлдағы «Солнечный-2» және «Оңтүстік» шағын аудандарында құрылыс қыза түспек

Петропавлда «Солнечный-2» және «Оңтүстік» шағын аудандарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін учаскелерді беру 2023-2024 жылдарға жоспарланған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қала тұрғындарын жер учаскелерімен қамтамасыз ету үшін аталмыш аудандарда су, электрмен жабдықтау және автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта «Солнечный-2» кентінде 53,9 км автожолдар, 68,2 км су және 102,5 км электр желілері тартылды. «Оңтүстік» шағын ауданында 43,5 км сумен жабдықтау желілері, 34,3 км автомобиль жолдары салынды, электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы басталды», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев халықпен кездесуде.

Жобаларды 2023-2024 жылдары аяқтау жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Талапкерлерге ҰБТ-ға өз қаламдарын кіргізуге болмайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x