Облыс орталығында саңыруқұлақ өсіретін ферма салынып жатыр. Кәсіпорын қолданысқа берілгеннен кейін бір жылда екі жарым мың тонна өнім шығаратын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Нысанның құрылысы сәуір айында басталған. Мұнда саңырауқұлақ өсіріліп қана қоймайды. Өнім консервіленеді және тоңазытылады. Игі бастаманың арқасында 50 адамның екі қолына бір күрек табылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Жоспар бойынша, кәсіпорын маусымда қолданысқа берілуі керек болған. Ауа райынан қолайсыздығының кесірінен жоспар орындалмай қалған. Жоба құны 11 млрд теңгені құрайды. Оның тең жартысын кәсіпкер «Солтүстік» ӘКК-ден алған. Айта кету керек, мұнда өсірілетін саңырауқұлақтың тұқымы Еуропадан әкелінеді.
Фермаға қажетті құрал-жабдықтардың барлығы Польшадан әкелінген. Кәсіпорында өндірілген өнім еліміздің түкпір-түкпірінде және Ресейде сатылатын болады. Жоспар бойынша, нысан ағымдағы жылдың соңында қолданысқа берілмек.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан облысында үш күнде 496 жол ережесін бұзу дерегі анықталды