Бүгін яғни 9 қазан күні Петропавл қаласының Қазақстан Конституциясы көшесі мекен-жайындағы ғимараттардың бірінің маңайынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

9 қазан күні сағат 17:08-де Петропавл қалалық ІІБ-нің «102» пультіне Қазақстан Конституциясы көшесі мекен-жайындағы ғимараттардың бірінің маңайынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Ол облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Бүгін ер азаматтың туыстарынан оның  9 қазан күні үйінен шығып, хабарсыз кеткені туралы шағым түсті. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр; Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.”,-дейді облыстық ПД баспасөз қызметі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *