Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл толды. Осыған орай Петропавлда «Батылдық сабағы» атты кездесу өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Іс-шараны Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған.Кездесу барысында ауған соғысының ардагерлері жастарға кешкен оқиғаларын айтып, естеліктерімен бөлісті. Ер азаматарды ұлтжандылыққа шақырды. 1979 жылы Ауғанстан жеріне қазақ даласынан 22 мыңға жуық азамат соғысқа аттанған еді. Солардың 900-і майдан даласында қаза тапты. Бұл соғысқа солтүстікқазақстандықтар да қатысты. Біздің облысымыздан бір жарым мыңнан астам сарбаз қан майданға аттанған.

 «Ер жігіт өз атына лайық болуы керек. Елімізді қорғайтын дәл осы азаматтар. Сол себепі де, Отан алдындағы борышын өтеп, әскерге барулары керек. Біздің кезімізде әскер екі жыл болатын. Қазір уақытын азайтып тастаған. Болашақ осы жастардың қолында. Сондықтан әрбірінің бойында патриоттық сезімі болуы керек. Еліміз аман, ең бастысы тыныш болсын. Бейбіт күніміз мәңгі болсын», — деді жиынға келген ауған соғысының ардагері Петр Цвингер.

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x