Петропавлдың 39 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қала жаздаған қала тұрғынына көмектесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

25 наурыз күні облыс орталығының 58 жастағы тұрғынына интернет алаяқтар қоңырау шалып, өзін «Beeline» ұялы байланыс операторы ретінде таныстырады.  Тегін тарифті қосқандарын айтып, олар жіберген кодты айтуын өтінеді. Біраз уақыттан кейін қала тұрғынына  өзін ұлттық қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған белгісіз ер адам қоңырау шалып, одан  алаяқтардың ақшалай қаражатын ұрлағысы келітінін хабарлайды. Күмәнді операцияны тоқтату үшін қала тұрғынын «Халық Банкқа» барып, ақшалай қаражатын шешіп алуға көндірген. Алаяқтарға сенген қала тұрғыны өзінің 8 миллион 950 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын  қолма-қол шешіп алады. Одан кейін жәбірленуші  оған жалған ҰҚК телефон арқылы  айтқан банк шотына терминал арқылы 400 мың теңге сомасында ақша аударады. Сол сәтте жанында тұрған 39 жастағы қала тұрғыны мұның алаяқтар екенін бірден сезіп, ақшалай қаражатты аудармауға көндіреді. Бірден  полиция қызметкерлерін шақырып, 58 жастағы қала тұрғынының ақшасын сақтап қалды.

«Мен 25 наурыз күні банкке келіп ақша аудармақшы болдым. Мереке күндері болғандықтан тек терминалдар жұмыс істеп тұрды. Кезекте тұрған кезде  дауысын қатты қойып бір ер кісі телефонмен сөйлесіп жатқанын байқадым. Және маған өте күмәнді болып көрінді. Кейін ер адамның жанына барып бұл алаяқтар сияқты десем ол маған басында сенбеді де 400 мың теңгесін салып жіберді. Кейінен  басқа шотқа ақша салу керек екенін айтып тағы хабарласты. Үлкен кісі болған соң сеніп, қайта ақша жібермекші болды. Мен телефонын қолынан алып, бұл алаяқтар сенбеңіз деп ақшасын салмауға көндірдім», — деді Петропавл тұрғыны.

Тағы оқыңыз:Тайынша ауданында көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x