«Қызыл-жар» халықаралық әуежайында жаңа әуе бағыты ашылмақ. Сөйтіп, солтүстікқазақстандықтар Мысыр елінің Шарм-Эль-Шейх курортына Петропавлдан тікелей ұшу мүмкіндігіне ие болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Айта кетейік, 2019 жылы солтүстікқазақстандықтар Петропавлдан Шарм-Эль-Шейхке тікелей ұшу мүмкіндігіне ие болған. Бірақ аталмыш бағыт бойынша тұрғындар тек жаз айларында ғана қатынады. Енді міне араға бес жыл салып, рейс қайта жанданбақ.

Петропавл – Шарм-эль-Шейх тікелей әуе рейсі қайта жанданбақ

 

«Аталған бағыт сұранысқа ие. Сондықтан біздер мәселені зерттеп, туроператорлармен сөйлесіп жатырмыз. Олар бір аптада 80-100 адам жинай аламыз деп отыр», — СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының міндетін атқарушы Ерден Шортыбаев.
Жалпы, «Қызыл-жар» әуежайының халықаралық мәртебесі болғанымен, ұшақтар әзірге тек Астана, Алматы, Шымкент қалаларына ғана қатынайды.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімдігі биыл түлектерге арнап қосымша 58 грант бөлді
 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *