Петропавлдағы 4 мектептің 100-ден астам оқушысы білім ордаларына арнайы көлікпен жеткізіледі. Бүгін өткен қалалық қоғамдық кеңестің отырысында балаларды тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы № 4, 27, 12 орта мектептер мен № 26 мектеп-балабақшада оқитын кей балалар оқу орындарына арнайы көлікпен жеткізіледі. Балалар екі ауысыммен таңертеңгі және кешкі уақытта бекітілген  кестеге сәйкес тасымалданады. Жүргізушілердің барлығы медициналық тексерістен өткен. Бүгін қоғамдық кеңес мүшелері оларды тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізді.

«Өзгерістер жол қозғалысы ережелеріне қатысты болмақ. ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген жол қозғалысына қатысты жаңа ережелерге байланыстыенді көліктер арнайы дыбыстық және жарық сигналдарымен жабдықталуы тиіс, сонымен қатар көлік сырты арнайы схемаға сәйкес сырлануы керек», деді Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы Динара Рақышева.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x