ҚР Бас прокурорының өкімімен Петропавл қаласының прокуроры лауазымына Тыныбек Сапаров тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Тыныбек Әнуарбекұлы 1986 жылы М. Жұмабаев ауданы, Ермеевка елді мекенінде дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Тыныбек Әнуарбекұлы прокуратура органдарында еңбек жолын 2009 жылы Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. 2010-2019 жылдар аралығында Айыртау ауданы прокурорының көмекшісі, Тайынша ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарды. Ал 2019 жылдан бастап Есіл ауданының прокуроры лауазымын атқарған. Жалпы Тыныбек Сапаровтың прокуратура органдарында 14 жылдан астам еңбек өтілі бар.