Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен аудандарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Оған өңір аудандары да белсенді қатыспақ. Биыл мамыр айында аудандардан тағы құрылыс бригадалары келіп, 50-ден астам сквер салады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл туралы халық алдындағы есеп беру кездесуін өткізген Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев айтты. Шаһар басшысы биыл су тасқынынан зардап шеккен аудандарды абаттандыру жұмыстары басталатындығын жеткізді. Яғни, былтыр сүрілген үйлер мен ғимараттардың орнында ағаштар отырғызылып, сквер мен ойын алаңдары пайда болады.

«Ол жерлерде 2000-нан астам ағаш отырғызылып, 74 сквер пайда болады. Олардың 50-ден астамын облысымыздың 13 ауданынан келген құрылыс бригадалары, ал қалған 20-ға жуығын қала ұйымдары салып береді. Аудандарда жасақталған құрылыс бригадалары мамыр айында іске кірісуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ екі бірдей балалар және спорт алаңы орнатылып, волейбол және футбол ойнайтын алаңдар пайда болады. Яғни, қала тұрғындарының серуендеуі үшін барлық жағдай жасалады. Жарық шамдар орнатылады», — деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Тағы оқыңыз: Петропавл ластанып барады — СҚО әкімі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *