Өңірімізге белгілі тұлғалар да бүгін сайлау учаскелеріне барып өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында ел мақтанышы Ербол Хамитов та бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Солтүстікқазақстандық параспортшы №615 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол бұл күннің еліміз үшін маңызы зор екендігін алға тартуда. Жерлесіміз Қазақстанда әрдайым тыныштық, тәртіп, ынтымақ пен бірліктің болғанын қалайды.
«ҚР Парламенті Мәжілісінде отырған депутаттарымыз қарапайым халықтың тілегіне құлақ асса екен деймін. Жауыр болған мәселелер біржақты етіліп, жұртымыздың тыныш болғанын қалаймын. Сол үшін бүгін өз таңдауымды жасадым», — дейді Ербол Хамитов.