Оқушылар үшін жағымды жаңалық. Соңғы қоңырау 25-ші мамырда соғылатын болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Балалар үшін жазғы демалыс 26-шы мамырда басталатыны туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.
«Оқу жылын ұзарту туралы шешім дұрыс, бірақ асығыс қабылданған. Сондықтан оқу жылының ұзақтығын 34 апта көлемінде қалдыруды ұсынамын. Ал оны ұзарту мәселесіне 2025 жылы қайта оралған жөн», — деді министр тамыз кеңесінде.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында «Биле, Қызылжар» би байқауы өтті