Отбасында жанжал шығарған азаматтар үйінен уақытша шығарылады

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза тағы да күшейтіледі. Ішкі істер министрлігі аналардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және депутаттармен бірлесіп, заңнамаға бірнеше түзету әзірледі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

 Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, енді әйеліне немесе бала-шағасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл зиян келтіргендер әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әрі сотқа отбасының шырқын бұзатын азаматтарды тұрғын үйден уақытша шығарып, әлеуметтік бейімделу орталықтарына жіберу құқығы беріліп отыр. Бұдан бөлек, тұрмыстық жанжалдарды арнайы полицейлер тергемек.

«Сонымен қатар ІІМ отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше бөлімше құрылатын болады. Ол бөлімшелер тек осы тұрмыстық зорлық зомбылық күреспен ғана айналысады», деді  ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Елімізде отбасылық зорлық-зомбылық құрбандары азаймай тұр. Былтыр 69 әйел мен 7 бала тұрмыстық жанжалдың салдарынан қайтыс болған. Республикада дағдарыс орталықтарының жұмысын жетілдіру, отбасылық жанжал мәселесімен айналысатын Ішкі істер органы қызметкерлерінің санын арттыру мәселесі талқыланып жатыр. Биыл қиын жағдайға тап болғандарға көмектесетін қамқоршы мамандардың санын 300-ден мыңға дейін көбейту көзделіп отыр.

 Тағы оқыңыз: Петропавлда жылу тарифі қымбаттауы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x