Онтүстіккореялық азамат Қозыбаев университетіне түсті. 42 жастағы азамат О Чонь Гиль манистратурада оқитын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Азамат өз елінде ауыл шаруашылығымен айналысады. Петропавлға турист ретінде келіпті. Фермер өңіріміздің табиғатымен, сауыншылықтың қыр-сырымен таныспақ болған.

Аймақтағы ілкімді жобалар шетелдіктің көңілінен шығыпты. Ол өзінің біліктілігін арттыру мақсатында жергілікті оқу ордасына құжат тапсыруды жөн деп тапқан.

Университетте “Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы” мамандығы бойынша білім алмақ. Талапты магистрант болашақта аққайыңдар өлкесінде тауарлы сүт фермасын да ашқысы келеді.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық белсенді жастар Петропавлда өткен “Таза Қазақстан” акциясына қатысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *