8 қыркүйек күні сағат 12.00.-де. облыстың барлық мектептері мен колледждерінде «Дене сергіту» челленджі өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Челлендж барысында оқушылар оқу-ағарту министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы дайындаған әдістемелік ұсынымына сәйкес жаттығулар кешенін орындады.
Мәселен, аталмыш акцияға «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің 4,7 және 11-ші сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар, ұстаздар қауымы да денені сергітетін жаттығуларды балалармен бірге орындады. Облыста жалпы 460 мектеп пен 24 колледж бар.
Тағы оқыңыз: СҚО ПД: көшеде қоқыс үйіндісін көрсеңіз, хабарласыңыз!