СҚО-да  шағын және орта бизнесті дамытуға 2010 -2022 жылдары аралығында  378 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Хабар телеарнасына сілтеме жасап

Бұрындары солтүстікқазақстандықтар көзге лазерлік коррекция жасату үшін көбіне көрші Ресей еліне баратын. Биылдан бастап бұл операция Петропавлда жасала бастады. Қала тұрғыны Олеся Леонтьева мемлекеттік бағдарламаның арқасында шетелден арнайы медициналық қондырғы сатып алды. Қазір офтальмологиялық орталықта күніне 50-ге тарта науқас ем қабылдайды.

Кәсіп бастап, оны одан әрі кеңейту үшін қыруар қаражат қажет. Бұл ретте елімізде өз ісін дөңгелетемін деген жандарға барынша көмек көрсетіліп жатыр. Мәселен біз қаңтар айында 225 миллион теңгеге жеңілдетілген несие рәсімдеп, арнайы аппарат сатып алдық. Қазір Қарағанды қаласынан келген дәрігер операция жасайды. Енді болашақта өз мамандарымызда оқытатын боламыз.”,-дейді кәсіпкер Олеся Леонтьева.

Соңғы жылдары өңір халқының түрлі кәсіпке дағдыланып, өз ісін ашуға деген белсенділігі жоғарлаған. Себебі тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды сезінді. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 34 мыңнан астам адам шағын және орта бизнеспен айналысады.  Көбі өңдеу, тасымалдау және қызмет көрсету саласын таңдаған.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары жүзеге аса бастаған кезден бері, өңірде 378 миллиард теңгенің 5600-ден астам жобасы мақұлданды. Осының арқасында облыста жеті мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Бюджетке түсіп жатқан салықта жыл санап артып келеді. Ең бастысы аймақтағы кәсіпкерлер арасында  бәсекелестік пайда болды.”,-дейді кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірдік филиалының директоры Гүлбаршын Дәулетбаева.

Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 400-тен астам жоба қаржыландырылды. Қазіргі таңда тағы 150 азаматтың өтініші қаралып жатыр.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x