Облыс әкімдігінде 2023-2024 оқу жылына жоғары және университеттен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп жазады Qazaqstan media тілшісі.
Кездесуде кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындары анықталды.
«Алдағы оқу жылына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті бюджеттен 68 грант бөлінді. Атап айтқанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидентура үшін 50 грант бөлінді. Тағы 18 грант педагогика ғылымына, өнерге және қызмет көрсету саласына бөлінді», — делінген СҚО әкімдігінің ресми сайтында.
Облыс әкімі Айдарбек Сапаров білім басқармасына экономика салалары бойынша мамандардың қажеттілігіне талдау жүргізуді және келесі оқу жылына гранттар бөлу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.
Тағы оқыңыз:Азық -түлік бағасын әдейі қымбаттатқан кәсіпкерлер анықталды