СҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қымбатқа сатқан бірнеше кәсіпкер анықталды. Олардың кейбіріне осыған дейін де ескерту жасалғанымен, бизнесмендер көтерме саудада баға қосуды тоқтатпаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңірімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әрдайым мониторинг жіүргізіледі. Осындай тексерістердің бірінде 1-ші санаттағы туық жұмыртқасын негізсіз қымбаттатқан екі серіктестік анықталды. Олар сот шешімімен жауапкершілікке тартылып, 9,2 млн теңге айыппұл төледі. Әрі тауар бағасын 15% дейін арзандатты. Сонымен қатар, биыл күрішті көтерме саудада өткізетін ірі жеткізушінің біріне қатысты тергеп-тексеру басталды. Айта кету керек, аталмыш кәсіпкер осыған дейінде тауар бағасын негізсіз өсірген болатын. Ол кезде ескерту жасалынғанымен, бизнесмен тағы да күріштің құнын көтерген.
«2022 жылдың қазан-желтоқсан айлары және ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына аталған тауарға талдау жүргізу кезінде, мемлекеттік кірістер департаментің деректеріне сүйене отырып, кәсіпкер уәкілетті органнан ескерту алғаннан кейін, нақты негіздемесіз күрішке әртүрлі баға қолдану тәжірибесін тоқтатпағаны анықталды» -деді брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Аслан Әліппаев.

 
 
 

 

 

 

 

 

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x