Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады. Айтуларынша өңірде қатты жел, көктайғақ, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс бойынша 24-ші қазанда қар да, жаңбыр да жауады. Салдарынан көктайғақ болады. Екпінді жел тұрып, ауа температурасы түнде нөлден төмен болады.Петропавл қаласында күн бұлтты, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 2-4 жылы болады деп болжанып отыр.
25 қазанда облыстың көп бөлігінде жауын-шашын сақталады. Күндіз кей жерлерде термометр көрсеткіші 5-10 грдаус жылыны көрсетсе, түнде 0-5 градус болады.
26 қазанда Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массалары келіп, күн суытады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-5 аяз болады. Жаңбыр, қар, көктайғақ сақталады.
Тағы оқыңыз: СҚО-ның жолдарында көктайғақтан 4 адам зардап шекті