Солтүстік Қазақстан облысы Чистополье елді мекенінде Жанатай батырдың 300 жылдығына орай ат шаптырған той өтіп, ас берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Абылай ханның сенімді серігі болған, қалмақ-жоңғармен күресте талай ерлік көрсеткен Жанатай Ақанұлының 300 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды одан тараған ұрпақ көтерген. Ас Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье елді мекенінде берілді.

«Жанатайдың 9 ұлы болған. Соның ұрпағы бүгін республиканың түкпір-түкпірінен жиналып, ағайындардың басын қосып, ат шаптырып, той жасап жатырмыз.  Бұл атамыз жайында аңыз әңгіме көп, шежіресі тереңде жатыр. Жанатай атамыз қылышынан емес, сұсынан жау шошыған Бөгенбай батырдың шәкірті ретінде тарихқа кірген. Қалмақ-жоңғарлармен күресіп, жаумен шайқаста ерлік көрсеткен», — дейді ұрпағы Октябрь Аяғанов.

Жанатай батыр 1723 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағы Талсай ауылында дүниеге келген. Әкесі Ақан өте бай адам болған, үйір-үйір жылқы ұстаған. Оның жеке иелігінде Көкшетаудан Торғай даласына дейінгі жерлер болған. Оның есімімен тау, көл, Ақан өзені аталған.

«Анасы Болат рухани-физикалық тұрғыдан мықты болды. Біздің ру ақсақалдарының әңгімелері бойынша Жанатай батырға бойындағы батырлық пен батылдық ана сүтімен берілген екен. Бұл кейуананың даналығы мен көрегендігі туралы да көп айтылады. Ол Талсай ауылында жерленген. Оның жанында үлкен ұлы Ботанай жатыр. Жанатай батыр Абылай ханның серігі болған және жоңғарлармен күреске белсенді қатысқан. Оның есімі ертегілер мен аңыздарда ғана емес, қазақ классиктерінің шығармаларында да жиі кездеседі. Мәселен, Мұхтар Мағауин өзінің «Қазақ тарихының әліпбиі» атты кітабында жазған, Әнуар Әлімжановтың «Гонец» кітабында Жанатай батырдың ерлігі туралы көп айтылады. «Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы Ілияс Есенберлин өзінің «Жанталас» романында да батыр туралы баяндайды», — дейді батырдың ұрпағы Қымбат Әбдуахитова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 14 жасар қыз зорланды 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x