Биыл Солтүстік Қазақстан облысының жолдарын қалыпқа келтіруге 34 млрд теңге жұмсалады. Нәтижесінде, шамамен 650 км жер реттелмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, ҚазАқпарат халықаралық агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, биыл жөнделуі тиіс жолдың 110 шақырымы республикалық маңызға ие. Оған 9,8 млрд теңге жұмсалмақ. 18,3 млрд теңгеге жергілікті маңызы бар 480 км жол жөнделеді. Қалғаны – кентішілік және Петропавл көшесінің жолдары.

«Нәтижесінде жергілікті желідегі жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 84%, республикалық жол бойынша 85%-ға дейін жеткіземіз. Орындалған жұмыстың сапасы бойынша жыл сайын Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен жұмыс және материал сапасын сараптау бойынша шарт жасаймыз. Сонымен қатар нысандарда техникалық қадағалау қызметтері болады. Осы жылы мердігер ұйымдарға қойылған шарттық міндеттемелер де күшейтілді, салынған және жөнделген жолдардың кепілдік кезеңін ұзарту жұмысы жүргізіліп жатыр», — дейді Сәтжан Аблалиев.

Былтыр СҚО-да 31,1 млрд теңгеге 859 км жол жөнделген. Жұмыс облыстың барлық аудандарында жүргізілді. Республикалық маңызы бар 196 км жолды орташа жөндеу арқылы жөнге келтіруге 9,4 млрд теңге жұмсалды. Жергілікті және кентішілік жолдардың 663 шақырымы жөнделді, бұл мақсатқа 21,7 млрд теңге бөлінді. 47 елді мекенде 148 км жолдың сапасы жақсарды.

Тағы оқыңыз: Шал ақынның туғанына 275 жыл

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x