Өңірде  кәмелет жасқа толмаған 50-ге жуық қыз баласы жүктілік бойынша есепте тұр.Биыл 32 жасөспірім қыз ана атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

ПД мәліметінше, өткен 8 айдың қорытындысы бойынша  кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың 17 фактісі тіркелген.Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше  49 қыз жүктілік бойынша есепке тұрған. Олардың көбісі қазіргі уақытта босанып, нәрестелерін бауырына басқан.

«Жалпы, облыста 49 кәмелет жасына толмаған қыз жүктілік бойынша  есепке тұрған. Олардың 32-сі босанды.  Ал қазіргі уақытта әлі 29 қыз босану уақыттарын күтіп жүр. Ал 10 жасөспірім қыз жүктілікті жоспарламағандықтан олар жасанды түсік жасатты.»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Сәлімхан Сәбитов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *