[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»12361,12362″ fullwidth=»on» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Өңір полицейлері тұрғындарға тіркелмеген қаруды жасырмай, өз еріктерімен тапсыруға шақырады. Әйтпегенде, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мұндай жауапкершілікке Аққайың ауданында тұратын азаматтың тартылуы ғажап емес. «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері одан «ИЖ-58» маркалы тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықты анықтаған. 45-тегі ер адам қаруды күзде орманда саңырауқұлақ теріп жүргенде тауып алғанын айтқан. Аңшылықпен айналыспаса да, мылтықты өзінде қалдырмақ болған.

«Мылтық сараптамаға жіберілді. Егер ол атыс қаруы деп танылса, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша жауапкершілік жүктеледі. Қару табылған жағдайда бұл туралы дереу полицияға хабарлау керек. Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қару қауіпті: ол жазатайым оқиғаны тудыруы немесе қылмыстық мақсатта қолды болуы мүмкін»,-деді аудандық ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x