Оқушыларға қаржылық сауаттылық үйретіледі

Қазақстандық оқушыларға қаржылық сауаттылық үйретіледі. Мұндай жаңалықты ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазақстанда халықтың 84% — ы, яғни 8,4 млн-нан астам азаматтың қарыздары бар. Соңғы бір жарым жылда бұл көрсеткіш 27% — ға өсті. 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз сомасы шамамен 1,4 трлн теңгені құрайды. Яғни, 1,7 миллион адам қарыздарын уақытында төлей алмайды.

Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулерді пысықтауда. Вице министрдің баяндамалар блогы ҚР тұрғындарын несиелендіруге арналды. Онымен күресу үшін қазақстандық мектептерде қаржылық сауаттылық сабақтары пайда болады.

«Бүгінгі таңда ЖОО студенттері үшін қаржылық сауаттылық курстарын енгізу пысықталды. Оқушылар үшін арнайы курс әзірленуде. Ол үшін тиісті әдістемелер мен оқу құралдары әзірленетін болады. Нәтижесінде осы бағыт аясында 750 мың оқушы мен студентті оқыту жоспарлануда», — деді Жамаубаев.

Тағы оқыңыз: Солтүстік аймақтарда күн жылынады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x