Түркістанда қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додада солтүстікқазақстандық спортшы Нұрғали Тұрсынғазиев алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Нұрғали Тұрсынғазиев — «Қызылжар арландары» спорт клубының беделді спортшысы. Осы күнге дейін талай байрақты бәсекеде чемпион атанған. Бұл жолы да жаңылмай, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңіс жолында теріскейлік палуан қарсыластырының барлығын қоғадай жапырды. Алғашқы белдесуде филиппиндік спортшыны тізе бүктірсе, екіншісінде өзбекстандық боз кілем шеберін жеңді. Жартылай финалда үндістандық палуаннан басым түсті.
Ақтық бәсекеде қырғызстандық палуанның жауырының жер иіскетті. Осылайша, Азия чемпионы атанды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы шықты

