Мәжілісіте «Солтүстік үстемақысын» көтеру мәселесі қаралды

Мәжіліс депутаты Еркебұлан Мәмбетов мәжілістің жалпы отырысында Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон проблемасын көтерді. Ол халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Ұлттық экономика министріне сауал жолдады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік өңірде халық саны азайып келе жатқандығы, көші-қон мәселесі өзекті екені айтпаса да түсінікті. Бұл мәселе бірнеше рет көтерілгенімен шешу жолдары анықталған жоқ. Жұмыссыздық белең алып, адамдар елді мекендерден жаппай қоныс аударуда. Ауылдар қаңырап бос қалып жатыр.

«Бұл жағдайдың негізгі себебі өңірдегі өмір сүру деңгейінің төмендігі болып табылады. Ауылдағы ағайынның жалақысы мардымсыз. Сапалы ауыз су, жол жоқ. Оның үстіне теріскейдің климаты да қатал. Сондықтан ұлттық экономика министрлігі ауыл халқын ынталандыру және қоныс аудару көрсеткішін азайту мақсатында тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Осы ретте солтүстік өңірлер үшін көтерме жәрдемақы, сондай-ақ 1,15 коэфициентін қолдана отырып «Солтүстік үстемақысын» енгізуді ұсынамын», — деп жазды депутат әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның бас құтқарушысы Рамиль Камалов басқа қызметке ауысты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x