Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер қазақстандықтары мереке күндері қандай ауа райы күтетінін айтты,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 

30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Қазақстандағы ауа райына бірқатар Атлант циклондары және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

«1-2 қаңтарда жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда қар жауады. Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге жетеді» -деп болжап отыр мамандар.

Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз — 5 градус жылы, күндіз 2 градус аяз — 3 градус жылыдан 0-5 градусқа дейін ауытқиды;

солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 7-12 аяздан 5 градус аязға дейін ауытқиды — 2 градус аяз, күндіз 0-8 градус аяздан 2 градус жылыға дейін — 5 градус жылы;

солтүстікте, орталықта түнде 5-15 аяздан 5 градус жылыға дейін ауытқиды – 2 радус жылы, күндіз 2-10 аяздан 2 градус жылыға дейін – 3 градус жылы;

шығыста түнде 7 градус аяз — 2 градус жылыдан 5-15 градусқа дейін, күндіз 2 градус аяз — 3 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін ауытқиды;

оңтүстікте, оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 0-10, таулы аймақтарда 10-15 градус аяз, күндіз 3 градус аяз — 5 градус жылы, таулы аймақтарда 6 градус аяз.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңажылдық шырша жанып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x