спартакиада

23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күні. Осыған орай Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі облыстық спартакиада басталды. Дүбірлі додада сала мамандары спорттың 6 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кәсіби мерекелері қарсаңында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өткізу дәстүрге айналған. Биыл олар тоғызқұмалақ, шахмат, шағын футбол, бильярд, воллейбол, қазақша күрес және жүзу сынды спорттың алты түрінен өз араларында мықтыны анықтайды. Жарыс 500-ге жуық маманның басын қосқан. Жалпы, 30 команда қатысып жатыр.

спартакиада

«Біздің қызметкерлер сайыстың әділ өтуін қадағалайды. Яғни, қатысушының міндетті түрде мемлекеттік қызметкер болуы тексеріледі. Бүгін воллейбол мен шағын футболдан шешуші ойындар өтеді. Сондай-ақ, жарыстың бір ерекшелігі облыстық жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық депортамент командалары біріктірілді», -дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы Гүлнәр Жусалина.

Спартакиада мамырдың 30-ы мәресіне жетеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар мен ауыспалы кубоктар табысталады. Сонымен қатар, Талдықорған қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама беріледі.

Тағы оқыңыз: Гүл шоғын ұзақ сақтаудың жолдары

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x