Kozybayev University

Kozybayev University Назарбаев университеті өткізген жобалар байқауына қатысып, 1 млн теңге көлемінде грант жеңіп алды. ЖОО-ның аумағын көгалдандыруға бағытталған жоба аясында универсиет қызметкерлері дендробақ ашты. Бұл жерде жасыл желектің 50-ге жуық түрі өсірілмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қылқан жапырақты ағаштармен қатар бұл жерде жаңғақтардың түр-түрі, көкжидек және Солтүстік Америкада өсетін жасыл желектер егіледі. Қазіргі таңда дендробаққа жоспарланған 50-ге жуық ағаштың жартысы отырғызылды. Бұдан бөлек, университет аумағында 50-60 жылдан бері өсіп тұрған ағаштар тексеруден өтті. Көбінің жағдайы нашар дейді мамандар. Сол себепті болашақта шірігендерін кесіп алып тастау жоспарланған. Ал олардың орнына жасыл желектің жаңа түрлері егілмек. Ағаштар 10 жылда шамамен 100-120 см-ге дейін өседі.

«Жоба бірнеше мақсатты көздейді. Біріншіден, университет кампусын көгалдандыру, жасыл желектердің санын көбейтіп, студенттерге білім алуға қолайлы орта жасау. Екіншісі, ғылыми тұрғыда жастарды ерекше ағаштарды өсіріп, күтіп баптау технологиясымен таныстыру. Сонымен қатар, елімізде өсетін жасыл желектен бөлек, өзге климаттық жағдайға да бейімделген ағаштардың түрін көбейту. Бұл агрофакультетте оқып жатқан жастарға да пайдалы болмақ. Себебі, олар осы желектерді өздері егіп, оған күтім жасайды. Яғни, флора мен фаунаны тереңірек зертеуге мүмкіндік алады», -дейді Kozybayev University доценті Тимур Звереченко.

Тағы оқыңыз:Елімізде көктемгі аң аулау маусымы басталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x