Колледж студенттерінің шәкіртақылары екі есеге көтеріледі  

Келесі жылдан бастап колледж студенттерінің  стипендияларын тағы 50% — ға арттыру жоспарлануда. Осылайша, 2025 жылға қарай  шәкіртақы көлемі екі есе артып, мемлекеттік тапсырыс көлемін 155 мың орынға дейін ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерде оқитын студенттердің стипендия мөлшері 50% — ға көтерілді. Жұмысшы мамандықтары бойынша оқитындар айына 32 681 теңгеден, ал орта білімнен кейінгі білім алушылар – 31 422 теңгеден ала бастады. Ал,  келесі жылы оның көлемін тағы да елу пайызға өсетін болады.

 «Бізде 9-сынып түлектері үшін колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқыту қарастырылған. 3 жыл ішінде кадрлар даярлауға тиісті мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылды. Егер бұрын бюджет есебінен 95 мың колледж студенті оқыса, биыл олардың саны 133 мыңға дейін өсті. Бұдан әрі де мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуды жалғастырамыз»,-деді Премьер-министр Әлихан Смайылов жоспарлары туралы.

2025 жылға қарай мемлекеттік тапсырыс көлемін 155 мың орынға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осылайша, алдағы екі оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру саласы, яғни колледждер мен училищелер үлкен өзгерістерді күтуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда интернет-алаяқтық фактілері 1,5% – ға төмендеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x