Кеше СҚО-да қар құрсауында қалған 50 адам жылыту пунктеріне жеткізілді

14 қаңтар күні болған облыс аумағындағы ауа-райының қолайсыздығы көлік қатынасына әсер етті. «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы 626 мыңнан астам ұялы байланыс абонентіне SMS хабарлама жіберіліп ескерту жасалған. Алайда, оған қарамастан қар құрсауында қалған 50-ден астам  адам жылыту пунктеріне жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Кеше Солтүстік Қазақстан облысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың басым бөлігінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. Алайда, дауылды ескертуге қарамастан жолға шыққан бір автобус және 26 жолаушысы бар 5 жеңіл автокөлік иелеріне көмек көрсетілді. Олар Есіл ауданы Ақтас ауылының маңындағы автожолда қалып қойған. Жедел әрекет ету шаралары қабылданып, жол қызметтерінің күштері, жергілікті атқарушы органдар мен полиция СҚО ТЖД жедел штабы көмегімен олар Ақтас ауылына дейін жеткізілді.

Кеше СҚО-да қар құрсауында қалған 50 адам жылыту пунктеріне жеткізілді
Есіл ауданының Новоузинка ауылына жақын жолда да 8 жолаушысы бар 3 жеңіл автокөлік қарлы кептеліске түсті. Құтқарушылардың көмегімен автокөліктер Корнеевка ауылына жеткізілген. Жолаушылар сол елді мекендегі жылыту пунктіне орналастырылған.
Уәлиханов ауданындағы «Көкшетау-Омбы» автожолында 3 шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Автокөлік жолаушылары лезде Бидайық ауылының жылыту пунктіне жеткізілді.

Кеше СҚО-да қар құрсауында қалған 50 адам жылыту пунктеріне жеткізілді
Ал кешке Тайынша ауданындағы жолдардың жабылуына байланысты Келлеровка ауылының жылыту пунктіне 27 адам орналастырылған. Олардың 6-ауы бала.
Жалпы, 14 қаңтар күні 112 телефонына 630-дан астам қоңырау келіп түскен.

Тағы оқыңыз:СҚО-да зиянды жағдайда жұмыс істейтін 150 адамға әлеуметтік төлем беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x