Көмір экспортына тыйым салынды

Қазақстанда бүгіннен бастап көмірді экспорттауға уақытша тыйым салынды. Шектеу мерзімі – 6 ай, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.

Көмірдің көрші елдерге автокөлікпен саудаланып жатқандығын бәрі біледі. Сол үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай шектеуді енгізіп отыр. Бұл тек машинамен тасымалданатын шикізатқа ғана қатысты. Енді 6 айы бойы автокөлікпен көмірді сыртқа шығаруға болмайды. Дегенмен, теміржол арқылы экспорттай беруге рұқсат.

«Әлеуметтік көмірдің қаншасы жаңағыдай жолмен сыртқа шықса, сонша мөлшері елімізде қaлады дeген сөз. Яғни, шекаралас мемлекеттегі елді мекендерде орналасқан өзіміздiң oтандастарымыз бәрі қажетті көмірмен қaмтамaсыз етілeді, — дeйді ИИДМ индустриялық даму комитетінің көмiр өнеpкәсiбi басқармасының басшысы Жанат Игісінов.

Тағы оқыңыз: Жүк пойызымен шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдік ұсталды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x