Кәмелетке толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желіге тіркеле алмайды

Алдағы уақытта Қазақстанда 18 жасқа толмаған балалардың ата-ана рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салынбақ. Бұл өзгеріс ұл-қыздар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында жасалынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарында жас балалардың Instagram, Facebook, WhatsApp пен ВКонтакте сынды желілерге тіркелуіне шектеу қою туралы жазылған. Бұл шараны қолға алу 2025 жылдың 1 тоқсанына қарай жоспарланып отыр. Іске Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Оқу-ағарту мен Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері жауапты болмақ. Ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салу туралы құжат жобасы Ашық НҚА порталына шығарыллды. Маусымның 6-сына дейін қоғам талқылауында болады.

Тағы оқыңыз: Повозочное ауылын абаттандыру

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x