СҚО — тұмса табиғатымен бүкіл елге танымал өлке. Аймақта 2300-ден астам көл бар. Бұл ел бойынша бірінші көрсеткіш. Айыртау ауданындағы Имантау-Шалқар туристік аймағы еліміздегі ТОП-20 курорттық орынға кіреді. Ол жердегі инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 3,3 млрд теңгенің 15 жобасы жүзеге асады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жоғарыда айтқан сөзімізге дәлел келтірсек, орман алқабымыз облыс аумағының сегіз пайызын алып жатыр. Айыртау ауданындағы Имантау-Шалқар туристік аймағы еліміздегі ТОП-20 курорттық орынға кіреді. Оның аумағы 134 гектарды құрайды.
Шалқар мен Имантау көлдері емдік қасиеттерімен ерекше. Алғаш аталған көлдің құрамында теңіз суына жақын элементтер бар. Одан қалды, Айыртау ауданы тарихи-мәдени мұраға да бай. Мәселен, аталған аймақта жылқы алғаш қолға үйретілген “Ботай қонысы орналасқан. Сонымен қатар, мұнда қазақтың данқты батырлары Қарасай мен Ағынтайға арналған мемориал мен Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен «Айғаным қонысы» орналасқан.
Туристер келуін келеді. Олар арналған жатын орын мәселесі басты назарда болуы тиіс. Имантау-Шалқар курорттық аймағында төрт мыңға жуық адамға арналған 46 демалыс орны бар. Алдағы уақытта мұндағы жағдайды жақсарту мақсатында тағы 15 жоба іске асырылады. Барлығы 3,3 млрд теңгеге зәулім эко-қонақ үйлер салынбақ.
Туристердің көп келуі үшін ең алдымен жол мәселесі оң жолға қойылуы тиіс. Өткен жылы мұндағы инфрақұрылымды жақсартуға мақсатында 4 жол учаскесі жөнделді. Игі іске 806 млн теңге жұмсалды. Биыл тағы 12 шақырым жол жаңғыртылатын болады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да тұрғын пәтер алу үшін қалалық әкімдікпен соттасты