Эвакуацияланған ауылдарды полицейлер күзетеді

Тұрғындары эвакуацияланған ауылдар мен аудандарды  полицейлер тәулік бойы күзетеді. Қазіргі кезде Қызылжар ауданы Тепличное ауылының халқы қауіпсіз жерге көшірілуде, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Полиция департаментінің 57-і қызметкері тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына көмектесуде. Тұрғызылған бөгет тасқын суға шыдас бермей, 12-ші сәуірде су ауылға кіре бастаған еді. Сол себепті тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланып жатыр. Барлық ауыл азаматтары қауіпсіз жерге көшірілгеннен кейін, тәртіп сақшылары ауылды тәулік бойы күзететін болады.

«Қазір тұрғындардың барлығы эвакуацияланғансын, біздің қызметкерлер күзетті бастайды. Күзет тәулік бойы болады. Ұрлық фактілерін болдырмауын, тұрғындардың дүние-мүлкі қолды болмауын бақылаймыз. Полиция мамандарында 6 моторлы қайық бар»,-деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабұлдинов.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары мен Ұлттық ұлан сарбаздары Заречный ауылында да кезекшілік етуде. Ол жерден 913 адам көшірілді.

Тағы оқыңыз: Тепличное ауылында  Есіл өзені бөгетті шайып өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x