Этностильдегі киімдерге сұраныс артқан - петропавлдық қолөнер шебері

Этностильдегі киім үлгілері қазір үлкен сұранысқа ие. Петропавлдың 67 жастағы тұрғыны Марзия Мордвинцева сондай  киім тігудің шебері. Көп жыл бойы ұлттық нақыштағы киім тіккен ол, зейнетке шықса да  қолөнерден қол үзген емес. Керісінше, оны өзінің сүйікті ісіне айналдырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ісмер әйел қолы қалт етсе, қорабынан ине жібі мен қажет маталарын шығарып, этностильдегі киімдер мен бас киімдердің түр-түрін тігеді екен. Оның  қолынан шыққан бас киімнің саны қазір шамамен 20-ға жетеді. Тебетей, тақия  тіккен кезде  оны ою-өрнекпен кестелеп, әшекей тастармен безендіру ең қиыны дейді шебер.  

Этностильдегі киімдерге сұраныс артқан - петропавлдық қолөнер шебері

«Бас киімдердің  әйелдерге, сондай-ақ ерлер мен балаларға да арналған түрлері бар. Әсіресе, мына тебетей татар мен қатар қазақ халқының ұлттық бас киімі. Тақия тігу менің жаныма жақын. Себебі, қолөнерді дәл осы тақия тігуден бастағанмын», — дейді Марзия Мордвинцева

Он саусағынан өнер тамған шебер бас киіммен қатар этностильдегі сырт киімдерді де тігеді. Сонымен қатар ол «Дуслык» татар-башқұрт мәдени орталығының белсенді мүшесі. Ұйымда өтетін әр мерекелік іс-шарға арнап шебер көздің жауын алар  түрлі дизайндағы ұлттық киімдер тігеді.

«Наурыз – ерекше жақсы көретін мерекелердің бірі әрі бірегейі! Себебі, ол жаңару мен гүлдену мейрамы. Кез келген қыз-келіншек бұл  айтулы күнде гүлдей жайнап, әдемі болып жүруі керек. Сондықтан да мен оларға арнап түрлі дизайндағы көйлектер мен тақияларды, ұлттық нақыштағы басқа да киімдерді өз қолыммен тігемін. Бүгіндері этностильдегі киім үлгілеріне сұраныс жоғары», — дейді ол.

67 жастағы қолөнер шебері бұдан бөлек ваза, картина  сынды үйге арналған сәндік қолөнер бұйымдарын да жасайды. Онымен қоса, ісмер киізден панно, қоржын, акссесуарлар да дайындайды.

Тағы оқыңыз:Қызылжар ауданында 15 ауылды су басу қаупі бар

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x