Петропавлда наурыз айында синтетикалық есіртткі сатты деген күдікпен 47 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесінде айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan media.

Қылмыскер зиянды заттарды жасырын орындардан алып, жеке байланыс арқылы сатып отырған. Оны ұстау кезінде тәртіп сақшылары қалтасынан және автокөлігінен 16 бума мефедрон тапқан. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 35 граммнан асады.

Айыпталушы қатысты бүгін сот үкімі шықты. Күдікті сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, шешім бойынша қылмыс жасау кезінде пайдаланған Samsung смартфоны мен Audi автокөлігі тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.

Солтүстікте жыл басынан 170-тен астам есірткі қылмысы тіркелді. Оның тең жартысы сату фактілері. Тәркіленген зиянды заттың жалпы көлемі 86 келіден асады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 8500-ден астам оқушы жаңа оқу жылына әлеуметтік көмек алады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *