[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/rustam1386_01.MP4_snapshot_00.01.440-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Петропавлдықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық сарбаздарды еске алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Осыдан 28 жыл бұрын Тәжікстан Республикасының Пшихавр шатқалында 4 сағаттан аса уақытқа созылған ауыр ұрыс болды. Сол шайқаста қазақстандық 17 жауынгер қаза тапты. Бүгін оларды еске алған петропавлдықтар батырларға арналған ескерткіш маңына жиналып, монументке гүл шоқтарын қойды. Шараға ҚР Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімі, облыс бойынша шекара қызметінің департаменті, ауған соғысының ардагерілері мен жастар қатысты. Олар жат жерде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Жалпы 1992-2001 жылдар аралығында сол аймақтарда 11 мыңнан астам азамат әскери борышын өтеді. Соның 150-і солтүстікқазақстандықтар.
«Бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінде осындай рәсімдер өтуде. ҚР Президентінің жарлығымен 2020 жылы тәжік-ауған шекарасында болған жауынгерлерге ардагер атағы берілді» ,-дейді ҚР Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімі кинология қызметінің бастығы Аслан Рамазанов.
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/rustam1391_01.MP4_snapshot_00.01.504.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]