СҚО-на жұмыс сапарымен келген ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин тұрғындар алдында есеп берді. Қазақстанның бас құтқарушысының сөзінше, жыл басынан елімізде 5032 төтенше жағдай тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгінде ТЖМ қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындап келеді. Өрт, су тасқыны – құтқарушылардың жіті бақылауында. Елімізде соңғы 5 айда 5032 төтенше жағдай тіркелген. Оның 200-ден астамы СҚО-да болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға төмен.
«Өңірдегі төтенше жағдайлар 20%-ке, ал қаза болғандар саны 48%-ға төмендеген. Бұл департамент, мемлекеттік органдар мен басқа да бөлімшелердің қажырлы жұмысын көрсетеді. Қазір барлық күш тілсіз жаудың алдын алуға, шомылу маусымының қауіпсіз өтуіне жұмылдырылған», — дейді ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин.
Тағы оқыңыз: Тайыншалық кәсіпкер қой шаруашылығын дамытуда