Қазақстанда жеңіл көліктердің қатары көбейді. Ақпан айындағы есеп бойынша 157,9 мың темір тұлпар заңдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер — 72,3%, жүк автомобильдері — 2 есе, автобустар — 2,5 есе артты. Ұлттық статистика бюросының 1 наурыздағы мәліметінше, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны — 4 584,5 мың. Оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар. 2023 жылғы ақпанда 1 715 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2466 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,4%-ға азайды.
Тағы оқыңыз: Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан