Елімізде жұмыссыз отырған ата-аналар 21 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алды

Биыл елімізде жұмыс істемейтін ата-аналарға бюджеттен 21 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды.

Ал 439,6 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін ата-анасына табысынан айырылғаны үшін 144,8 млрд теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алған.

Бұрын хабарланғандай, биыл мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімі 1,5 жылға дейін ұзартылды.

Тағы оқыңыз: Қожаберген жырау жайлы қойылым сахналанды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x