Елімізде жүргізуші куәлігін алу талаптары өзгерді

Елімізде механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларына өзгеріс енгізілді. Енді, ереже бойынша тапсырушылар ең алдымен биометриялық тексерістен өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Емтихандарды қабылдау мен жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына өзгеріс 2023 жылдың  тамыз айынан бастап күшіне енген. Ереже бойынша тапсырушылар ең алдымен биометриялық тексерістен өтеді. Мұнда азамат өзінің жеке басын растай алмайтын болса, ол келесі алты айда не теориялық, не тәжірибелік емтихан тапсыра алмайды. Бұрын мұндай жағдайда тапсырушыға келесі күні қайта мүмкіндік берілетін.

«Заң нақты күшіне енген уақытқа дейін жүргізуші куәлігін үміткерлердің 10%-ы ғана ойдағыдай тапсыратын. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 30%  құрап отыр. Бұл адамдар жүргізуші куәлігін алуға жауапкершілікпен қарай бастады дегенді білдіреді.Теориялық және тәжірибелік емтихандарды тапсырып жатқан жүргізушілер үшін арнайы шектеу де қойылып отыр. Мысалы, теориялық емтиханды тапсырушы тәжірибелік емтиханнан екі мәрте өте алмаса, ол адам 1 айдан кейін ғана қайта теория тапсыру арқылы тәжірибелік сынаққа жіберіледі. Бұл әрине біз үшін де, үміткерлер үшін де жақсы мүмкіндік деп ойлаймын», — дейді Петропавл қалалық мамандандырылған ХҚКО басшысының орынбасары Азамат Кенжетаев.

Бірінші жолы теориялық не тәжірибелік сынақтан сүрінген тапсырушы, келесі күні келіп тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал екінші мәрте жолы болмаса, бір айдан кейін білімін қайта сынай алады. Бірақ тәжірибелік  сынақтан үшінші рет өтпесе, теориялық тест нәтижесінің күші жойылады. Кейін оны екі айдан соң ғана қайта келіп тапсыруға мүмкіндік беріледі.

«Бүгін мен үшін өте қуанышты сәт. Мен жүргізуші куәлігін алдым. Бұл менің 3 реттен-ақ қолымнан келді. Бастапқы екі мүмкіндікті бұрынғы ережелермен тапсырған болатынмын. Енді міне, жаңа өзгертулердің арқасында тәжірбиелік емтиханан 15 балл жинап, емтиханнан сүрінбей өтім. Менің ойымша, жаңа ережелердің енгізілуі, бұл жүргізуші куәлігін алғысы келетін үміткерлер үшін керемет мүмкіндік», — дейді қала тұрғыны Залиха Шамғанова.


Айта кетейік, егер сіз емтиханға өз бетінше дайындалған болсаңыз сізге 3 мүмкіндік беріледі. Одан кейін автомектеп сертификаты талап етілетін болады. Бұрын ондай қосымша құжаттар міндеттелмейтін.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жол апатынан бір адам қайтыс болды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x