Елімізде жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін. Нақты айтқанда бір сағатқа ерте басталмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еліміздің бірқатар өңірінде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты әлеуметтік желіде жұмыс уақытын бір сағатқа ерте бастауға қатысты ұсыныстар түсіп жатыр. Өйткені қыстыгүні қараңғы ерте түседі. Осы ұсынысқа еңбек министрлігі жауап берді.

«Бізге көп хат келіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес», — деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ министр жеке және бюджеттік мекемелерге ұсыныс берілгенін де айтты.

«Ұсыныс бердік, яғни жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін. Негізі келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, заңға сәйкес», — деп толықтырды ведомство басшысы.

Тағы оқыңыз:13 шілдеден бастап ЖОО-да грантқа құжаттарды қабылдау басталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x