Елімізде мамыр айында әскери шеру болмайды

Биыл Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери шерулер өткізілмейді. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлады,  деп жазады Qazaqstan Media тілшісі. 

«Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2024 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ», — деп түсіндірді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомстваның  айтуынша, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін ұстап тұру, шеру өткізуге қарағанда басым маңыздыққа ие.

Еске салайық, дәл осы себеппен 2023 жылы да әскери шеру өтпеген болатын.

Тағы оқыңыз: СҚО-да салық органдары кәсіпкерлерді заңсыз тексерген

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x